Альбина Ерманова: “Оюлы ішкиімді күйеуіңнен басқа ешкім көрмейді”
Әлеуметтік желіде шу болған оюлы ішкиім өндіруші Yermanova брендінің иесі Альбина Ермановамен сұхбат
Оюлы өніміңіз әлеуметтік желіде белсенді түрде талқыланып жатыр. Қадағалап отырсыздар ма? Қандай пікірлер айтылып жатыр?
Иә, қарап отырмыз. 95% бізді қолдап жатыр. Көбіне ұнаған екен және мұндай шу болмаса білмес едік дейді.
Оюлы ішкиім жарияланғаннан кейін жазылушылар және сатылым саны артты ма?
Инстаграм аккаунтымызға жазылушылар саны артты, сатылым бойынша нақты осы жинаққа тапсырыс көбейді.
Ою қолдану идеясы жақсы сияқты. Тек тым үлкен емес пе? Кішірейтуге келмей ме?
Бұл жинақты жасаған кезімізде осыншама назар болады деп ойламадық. Өйткені оюлы резіңке барлық жерде сатылады. Және бұл ішкиім ғой. Бұнымен көшеде жүрмейсің, клубта билемейсің. Оны күйеуіңнен басқа ешкім көрмейді. Гардеробтағы ең нәзік және таза нәрсе. Резіңкедегі ою соншама дау туғызғаны түсініксіз. Барлық жерде қолданылады ғой. Дегенмен жылы сөз бен пікірлер көп. Отандық өнімді қолдаушылардың көптігіне біз де қуаныштымыз.
Осындай стильде тағы басқа өнімдеріңіз шыға ма?
Әзірше ештеңе айта алмаймын. Бірақ оюлы халат және пеньюар сұрап жатқандар бар.
Сізде тек әйелдер ішкиімі ме? Еркектерге арналғандары шықпай ма?
Сұрайтындар көп. Бірақ бізде тек қана әйелдер ішкиімі.
Қошқармүйіз – пиар ма, әлде шынымен ұлттық дизайн атрибуты ма?
Пиар үшін істеген жоқпыз. Ою басылған резіңкелер тауып алдық, осындай идея келгесін тігіп көрдік. Өте нәзік жинақ болып шықты. Негізі бұл өнімді 2016-да шығарған едік. Ол кезде фолловерлеріміз аз болды ма, бәрі дұрыс қабылдаған еді. Енді суретін жаңарта қойып едік, 5% адамның шулағаны әлеуметтік желіде тегін жарнама істеп берді.
Суреттер @yermanova_intimates аккаунтынан алынды.
Уйат каида вапше уиат жок. Мульдем унамады мынаусы иа талгамсз иа уйатсыз билмим енди