Tamasha TV директоры Есен Елеукен: «Мақсатымыз – әзілдің сапасын көтеру және бір жүйеге келтіру»

Tamasha TV директоры Есен Елеукенмен су жаңа арна жұмысы туралы блиц-сұхбат

«Tamasha TV» арнасында «Қазақстаннан» трансфер болған бағдарламалар екі жақта да көрсетіле ме, әлде тек «Tamasha TV» эфирінде ме?

Жылдың соңына шейін «Қазақстан» эфиріндегі барлық ойын-сауық бағдарламалар, концерттер, шығармашылық кештер, сериалдар, ситкомдар көрсетіледі. Келер жылғы маусым бойынша әлі анықталған жоқ. Ол енді осы маусым аяғында белгілі болатын шаруа.

«Tamasha TV» эфиріне бұрынғы таныс бағдарламалардан бөлек қандай жаңа дүниелер қосылады?

Бұрынғы таныс бағдарламалардан басқа жаңа дүниелер қосылған жоқ. Бірақ келесі айдан бастап қолдағы бар мүмкіндікті пайдаланып, жаңа дүниелер қосамыз деп отырмыз. Жалпы жаңа дүниелердің барлығы келер маусымнан бастап қосылады.

Алматы мен Астананың функцияларын түсіндіріп кетсеңіз?

Эфир Алматы қаласынан шығады. Астанада да бөлім бар. Бірақ негізгі шығармашылық жұмыс Алматыда болады деп жоспарлап отырмыз.

Комедия жанрындағы фильм, сериалдар бола ма?

Фильмдер бойынша ондай жоспар жоқ. Бірақ сериал, ситкомдарды жоспарлап отырмыз.

Мұрағаттан бұрынғы Тамаша, Бауыржан-шоуларды көрсетесіздер ме?

Бұрын телеарналар 4:3 форматында болғандықтан, қазіргі 16:9 HD форматында оларды көрсете алмаймыз. HD форматына өткен 2012 жылдан бергі бағдарламаларды көрсете аламыз.

Алдағы маусымда басты фишкалар не болмақ?

Фишка туралы кейінірек айтайық. Жалпы әзіл-сықақ театрлары, әзіл бағдарламалары, авторлық топтармен жұмыс жасап, әзілдің сапасын көтеру және бір жүйеге келтіру – мақсат болмақ. Сондай-ақ концерттік бағдарламаларды да жүйелі түрде түсіру ойымызда бар.

Отау мен ID-TVдан басқа, сайт арқылы онлайн қарау мүмкіндігі бола ма?

Отау мен ID-TVда HD форматында шығып отыр, оны SD форматқа да көшіргіміз келеді. Онлайн режимде tamashakz.tv сайтынан қарауға болады. Мобильдік қосымшасы да шығады жақында. Сонымен қатар басқа да кабельдік арналарға жылдың аяғына дейін қосамыз. Және 1 қыркүйектен бастап, рейтингтік жүйеге де тіркелдік.

Аршат Ораз

КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор

1 пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close