7 сұрақта Блог-тур және Блог-турлардағы басты 3 қате

Блогосферадағы жаңа тренд Блог-тур туралы сұрақтарға жауап беріп көрейін және өзім байқап жүрген қателіктерді де қостым

10414013_1439030709680114_166174173_n

1. Блог-тур деген не?
Блогерлерді қолдану арқылы жасалатын пиар-шара. Бір өнімді, жетістікті, оқиға, жаңалықты жарнамалау үшін ұйымдастырылатын сапар. Нәтижесінде әлеуметтік желілер және блогтар арқылы ауқымды жарнама жасалу жоспарланады. Жалғасы

Жаңа видеожобамыз: Арена

Есен Елеукен ағамыз және Jaidarman шығармашылық тобының қолдауымен АРЕНА атты футбол бағдарламасын бастап кеттік. Сараптамалық сипаттағы бағдарламаның негізгі тақырыптары: ҚПЛ, Чемпиондар Лигасы және Ұлттық Құраманың ойындары. Әзірше бағдарламада 3 сарапшы: мен, Рымбек Ізғали, Нұрмахан Мұқанұлы. Шығарылымдар Youtube-тағы Jaidarman Official арнасында жарияланатын болады.

Алғашқы эпизод Нидерланд — Қазақстан матчы туралы.

Қазақстан блогерлерінің альянсы құрылды

10616550_591696890952451_2905886215775957454_n

Блогерлердің басын біріктіретін қоғамдық бірлестік құрылды. Еліміздегі блогерлерді санап, бақылап, тапсырма беріп отыратын үкіметтік құрылым емес. Көптеген үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың бірі ғана.

Мақсаттары блогерлердің мүддесін қорғау, жобаларына қаржылық ресурстар табуға көмектесу, еліміздегі ақпараттық қауіпсіздікке үлестерін қосу, блог-турлар ұйымдастыру, орыстілді және қазақтілді ортаны бір-біріне жақындастыру. Жалғасы

Сағыздың дәмі кеткен кез

Жайдарман-2014 финалистері анықталды. Жартылай финалдың 2-ші күніне бара алдым. Афишаны көрген кезде осы 2-ші бестіктің ойыны қызықтылау болатын сияқты болып көрінді. Және бұл финал алдындағы соңғы баспалдақ қой, әдетте командалар финалға жету үшін осы кезеңде барын салатын еді. Бірақ кешегі ойын олай болмады.

Фото: Раушан Тоқабаева

Фото: Раушан Тоқабаева

Жалғасы

[#КішіЖүз] Қазақтың ақпараттық соғыста тағы бір жеңілісі

49a9662f49d22756e2eece0dbc7

Қазақты қазір бөле салу оңай. Тілге қатысты, дінге қатысты бір шоқ лақтыра сал, өздері лаулатып әкетеді. 2 күннен бері әлеуметтік желіде #КішіЖүз тақырыбы тренд болып тұр. Қазақ әдемі арандатудың құрбаны болды тағы да. Ақпарат тағы да тексерілмей жұтылды. Мәселенің мән жайын білмей қазақ бір-біріне тағы да дұшпан болды, жасырын трайбалистер сәтті барынша қолданып қалды. Яғни, көбісі не көргісі келді, нені қалады соны көрді. Қазақ ақпараттық соғыста жеңілді, бірін-бірі қырды. Жалғасы

Әр қазақ қарайтын клип!

АЛАШҰЛЫ тобының бұл клибінде Рух бар, Әуен бар, Гламур бар, Тазалық бар, Стиль бар, Қоғам бар, Ұлт бар, Тәрбие бар. Бәрінен бұрын МӘН мен МАҒЫНА бар! Әр қазақ қарасыншы бұл клипті.

Блогиада 3.6. Мөлдірлік мифы

47

Миф, стереотип бұзу туры қазақ блогосферасының қазіргі деңгейін көрсетіп берді деп ойлаймын. Әлі арттамыз шыны керек. Алты блогер тақырыпты толық аша алмады.

Өзіме ұнағандары Әйгерім мен Эльвираның посттары. Жалғасы

Қазақстан — Латвия. Жаңа құраманың алғашқы емтиханы

banner3

9 қыркүйек — Францияда өтетін Еуро-2016 жолындағы алғашқы іріктеу матчы. Алғашқы қарсыласымыз — Латвия құрамасы. Латыштар жалпы бұл матч қана емес, жалпы осы топтағы басты қарсыласымыз болатын сияқты. Өйткені Чехия, Нидерланд және Түркия құрамалары алғашқы үштіктегі орындарын өзара айқындайтын болса, Латвия, Исландия, Қазақстан соңғы орын алмау үшін таласатын болады.

Құрамалар өткен аптада дайындық матчтарын өткізді. Біз әлсіз қырғыздарды трендтегі есеп 7:1-мен жеңсек, латыштар күшті армян құрамасын 2:0 жеңді. Астанаға тек 3 ұпай үшін келетіні анық. Жалғасы

Блогиада 3.5. Әзіл өтпеген кез

Әзіл аптасы көңілсіз аяқталды. Мәреге бұл турда сегіздің бесеуі ғана жетті. Айнұр Ракишева денсаулығына байланысты қатыса алмады. Жандос үлгермеді, ал Абзал нобайын уақытында жарияламады. Алғаш рет осы турдан бастап дедлайн жексенбіге дейін ұзартылса да қатысушылар өз уақыттарын ұтымды пайдалана алмады.

apple-greyson-inspiration-sad-smile-favim-com-288838_large Жалғасы

Блогиада 3.4. Позитив апта

36616967

Блогиаданың өткен аптасына Садақа тақырыбы берілген еді. Бұл апта бүкіләлемдік акция #IceBucketChallenge-бен қатар келіп қалды. Өкінішіме орай посттар жақсы болды, рахаттанып жазатын негатив таба алмадым. ;) Жалғасы