Мен туралы

Аты-жөнім: Негізі Аршат деп атам қойған. Арабша мағынасы – ең ақылды, парсыша – жоғары, үлкен. Достарым Арчи, Арчибальд, Админ деп айта береді.

Туған күнім: 14  ақпан 1981. Иә, иә, өз әлемінде жүретін қияли, циник Суқұйғышпын.

Туған жерім: Батыстанмын. Батыс диалекті мен Батыс менталитеті (Еуропамен шатастырмаңыз)  қатты сіңген. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие деген ауылда туыппын. “Ауылда туғанбыз” деп пафоспен жүре алам 😉

Мамандығым: Туризм және қонақүй менеджменті. Осы мамандық бойынша 7 жыл оқыдым Түркияның Эскишехир қаласында. Дипломым бар.

Кәсібім: Интернетке қатысты шаруалар. Сайт жасау, жоба жүргізу, жарнамалау, тренинг сияқты жұмыстар. Қысқаша айтқанда – фрилансермін.

Ұнайды маған: Футбол! Футболдан бөлек рок музыка, психология, жақсы сыра, интеллектуал ойындар, интеллектуал әзіл, саяхат, блоггинг, покер ұнайды.

Жыным келед: “Дін.Діл.Тіл” шеңберінде қалу, өтірік, жасандылық, жағымпаздық, шампан, томат шырыны, псевдоұлтшыл пафостар, үнді фильмдері, Твиттер, ескі пойыздар. Жалғасы бар…

Close