ҚФФ баспасөз қызметкері Мұратбек Биманов: “Ұлттар Лигасы – қарапайым турнир деп қарауға болмайды”
Қазақстан Футбол Федерациясының баспасөз қызметкері Мұратбек Бимановпен Ұлттар Лигасы туралы сұхбат
Ұлттар Лигасынан қалай шығуға болады? Қарапайым сөздермен түсіндіріп берші. Егер осы топтан өтсек әрі қарай қалай болады?
Ұлттар Лигасы туралы аз-кем ақпарат. Ең алғаш рет Ұлттар Лигасын өткізу туралы шешім Астанада 2014 жылы өткен УЕФА-ның ең үлкен жиынында (Конгресс деп аталады) қабылданған болатын. Мақсаты – жолдастық кездесулерден арылып, ресми ойындар өткізу. Өйткені, жолдастық кездесу өткізу жөнінде келісімге келу, «спонсорлар» тарту қиын. Кейбір құрамалар қалыс қалып жатады. Ресми матчтар міндетті түрде ойналады.
Ұлттар Лигасының форматы өткен жылы нақты бекітілді. Қазақстан және Қазақстан сияқты (барлығы – 16) құрамалар D дивизионына түсті. Төрт топ бар. Станимир Стоилов шәкірттері бірінші топта ойнайды. Қарсылас – Грузия, Андорра және Латвия. Үйде және сырт алаңда кездеседі. Ойындар қыркүйек, қазан және қараша айларына жоспарланған.
Әрі қарай 2019 жылдың наурыз бен қараша айының аралығында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының (кәдімгі болып жүрген чемпионат) іріктеу турнирінің ойындары өтеді. Еуропаның 55 құрамасы он топқа бөлінеді. Әр топтан бірінші және екінші орын алған құрамалар (жалпы саны – 20) ЕУРО-2020 додасына тікелей жолдама алады. Биылдан бастап Еуропа Чемпионатында алаң қожайындары ретінде жарысқа «халява» қатысу жоқ. Төрт жылда бір келетін жарыс Еуропаның 13 қаласында (арасында Баку бар) өтеді. Қазақстанның іріктеу турниріндегі келесі жылғы қарсыластары 2018 жылдың 2 желтоқсанында Дублинде өтетін жеребе тарту рәсімінде анықталады. Еуропа Чемпионатына қатысуға берілетін алғашқы «шанс».
2020 жылдың наурызында Ұлттар Лигасының «стыковой матчтары» жалғасады. Ұлттар Лигасы арқылы төрт құрама ғана ЕУРО-2020 додасына жолдама алады. Осы уақытқа дейін «кәрі құрлық» турнирінде 16 команда болса, енді – 24. Жиырмасы 2019 жылы шығып қояды. Қалған төртеу қалай таңдалады? Әр дивизионнан – біреуі. Мәселен, Қазақстан ойнайтын «D» дивизионындағы үздік төрт құрама (әр топтан біреу) өзара олимпиадалық жүйе арқылы сынға түседі. Жартылай финал, «дальше» – финал. Яғни, «финал четырех» форматы! Кім жеңімпаз сол – Еуропа Чемпионатында! Қалған дивизиондар да солай. «Стыковой ойындарда» біздің футболшыларға ең мықты деген қарсылас Беларусь, Әзірбайжан, Армения және Косово. Екінші «шанс»!
Маңызды! Қазақстан құрамасы өз тобынан екінші орын алса ше? Үшінші «шанс» бар. Ол үшін бірінші орын алған құрама (мәселен, Грузия) іріктеу кезеңі арқылы Еуропа Чемпионатына жолдама алуы қажет. Онда «стыковой матчтарға» Грузияның орнына Қазақстан қатысады.
Сонда Ұлттар Лигасын кім ұтады? Ұлттар Лигасын «А» дивизионының «айуандары» 2019 жылдың маусым айында сарапқа салады. Финалда төрт топтың жеңімпаздары олимпиадалық жүйе бойынша ойнайды. Жеңімпаз – УЕФА Ұлттар лигасының чемпионы атағымен қатар, қомақты жүлдені иеленеді.
Факт! Қазақстан – Грузия матчы УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы ойыны ретінде тарихта қалмақ. Өйткені, сағат белдеуі бойынша матч Қазақстанда өзге елдерге қарағанда ерте басталады.
Тағы бір дерек – 6 қыркүйек күні Станимир Стоилов пен Владимир Вайсс қайта жолығады. Бұл жолы Болгария мен Словакияның бапкерлері «Астана Арена» стадионына Қазақстан мен Грузия құрамаларын бастап шығады.
Қазір тек Ұлттар Лигасын ғана маңызды көретін сияқтымыз. Негізгі Іріктеулерде мақсат қандай?
Ұлттар Лигасына қарапайым турнир деп қарауға болмайды. Әр ойында ұпай үшін күрес жүрмек. Өйткені, жиналған рейтинг арқылы келесі турнирдің жеребесі тартылады. Сол себепті соңғы себеттен мейлінше көтерілу үшін ұпай жинау қажет. Іріктеу турнирінің бірінші мақсаты – финалдық жарысқа жолдама алу. Екінші – рейтинг көтеру.
Ойындар тек Астанада өтетін болды ма?
Ұлттар Лигасының күзгі ойындарының барлығы Астанада өтеді. Қазақстанда Ұлттық құраманың ойындарын қабылдауға қауқарлы стадион – «Астана Арена», Алматының Орталық стадионы былтыр ғана УЕФА-ның төртінші категориясын алды. Қалған қалалар жастар, жасөспірімдер және әйелдер құрамасының ойындарын қабылдай алады. Мәселен, 4 қыркүйек күні Павлодарда Қазақстан әйелдер құрамасы Фил Невилл жаттықтыратын Англияны қабылдайды.
Ұлттық Құрама матчтарына Астанада еркек диктор қоюға мүмкіндік бар ма?
Диктор – өте кәсіби жұмысты талап ететін мамандық. Ең басты міндет – футболды түсіну, «профессиональность», қазақ және ағылшын тілдерін меңгеру. Қазақстанда бірқатар кәсіби дикторлар бар. Бүркіт аға Бекмағанбетов, Ержан Мұқаш, Марат Жұмабаев, Евгений Ожогин, Риза Шабанаева және т.б. Олардың қай қайсысы да жүктелген міндетті абыроймен атқарып шығатынына кәміл сенемін. 6 қыркүйек күні өтетін Қазақстан – Грузия матчының хабарламасы қазақ және грузин тілінде болады. «Астана Арена» стадионында жаңа дауысты тыңдайсыздар!
Федерацияның партнерларының бірі Гол+Пас Грузия матчында 3 млн теңгелік лотерея ойнататыны рас па?
Рас.
Қазір Құрамада қазақстандық ойыншылар көп. Дегенмен қай легионерлерді тартуға болар еді?
Жеке пікірім, отандық футболшылар ойнауы тиіс. Алайда, кеше ғана әлем чемпионы атанған Франция қатарында Ницца мен Шамбериде туған футболшылар бірең-сараң. Әлем футболы түр-түске қарамайды. Кімнің шеберлігі жоғары? Сол ғана доп тебеді. Дегенмен, қазақ жерінде доп тепкен футболшыларды қолдайтындардың саны басым. Футболшылар да осыны ұғынған жөн.
6 қыркүйектегі ойынға дейін Астанада жанкүйерлерге арналған қандай акциялар болады?
Қазақстан мен Грузия матчына арналып елорданың бірқатар сауда ойын-сауық орталықтарында футболшылар мен жанкүйерлер кездесті. Футбол жанкүйерлері Бауыржан Исламхан, Еркебұлан Сейдахмет, Дмитрий Шомко және т.б. футболшылармен суретке түсіп, қолтаңбасын алды. Жанкүйерлерге арналған шаралар матч күні де жалғасады.
Керемет керемет
Оказалась в непростой ситуции – работаю главным бухгалетером, подписан договор о неразглашении, все очень серьезно, есть завистливые конкуренты, порой вредят бизнесу, как мне рассказали порой очень серьезно.
Так складывается ход работы, что некоторые финансовые вопросы обсуждаются с руководителем через вайбер, так быстрее и вроде бы как непосредственно руководитель почти моментально в курсе всего, так же есть своя группа,
где все сотрудники компании в обязательном порядке отмечают те или иные действия, относительно рабочих, финансовых и т.п. моментов. Не так давно стала замечать странные вещи, пока лишь подозрения и догадки, однако очень
и очень обоснованные, в связи с этим вопрос к знающим, мог-ли ли мой или чей-то вайбер как-то быть взломан, чтобы информацию получили посторонние?